Қызыл теңізде туристер мінген яхта өртенді: үш адам із-түзсіз жоғалып кетті

0
408

Болжаммен кеменің машина бөлігінде қысқа тұйықталудың салдарынан өрт шыққан.


Қызыл теңізде туристер мінген яхта өртенді: үш адам із-түзсіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Қызыл теңіз жағалауында Мысырдың Марса-Алам курортты аймағында туристер мінген яхта өртенді, - деп жазады Tengritravel.kz.

Болжаммен кеменің машина бөлігінде қысқа тұйықталудың салдарынан өрт шыққан. Яхтада Ұлыбританияның 15 азаматы және 10 экипаж мүшесі және екі гид болған. Ұлыбританияның үш азаматы із-түзсіз жоғалып кетті. Оларды іздеу жұмыстары басталды.

"12 турист, экипаж мүшелері және гидтер құтқарылды, үш адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Қызыл теңіз провинциясы әкімшілігінің өкілдері.

Катер туристерді су астына сүңгитін аймаққа апара жатқан. Өрт шыққан кезде қайық шамамамен Марса-Алам курортынан 25 шақырым жерде болған.