Лай көшкіні Грузияның Шови курортын жоқ қылды

0
400

Қазіргі уақытта 18 адамның мәйіті табылған, тағы 20 адам іздестіріліп жатыр.


Лай көшкіні Грузияның Шови курортын жоқ қылды

ERNUR.KZ. 3 тамызда Грузияның батысындағы Рача таулы аймағында болған көшкіннен Шови курорты толық жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы журналистерге Тбилиси мэрі, «Грузия арманы – Демократиялық Грузия» партиясының бас хатшысы Каха Каладзе мәлім етті. Оның айтуынша, Рачадағы жағдай айтарлықтай проблемаларға әкелген, атап айтқанда Шовиде инфрақұрылым бұзылған. Курортты толық лай басқан. K. Каладзенің атап өтуінше, аймақта көшкін салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 18 адамның мәйіті табылған, тағы 20 адам іздестіріліп жатыр. 14 адамның жеке басы анықталды. Олардың арасында руставилық 18 жастағы әзербайжан Самирва Исаева, тағы бір Ресей азаматшасы бар.

Айта кетейік, Грузияның Шови курортында болған қайғылы жағдайға байланысты 7 тамыз елде қаралы күн болып жарияланды.