Лапландия тұрғындары ерекше құбылысты бақылады (видео)

0
864

Бұл әсем құбылыс тікелей трансляцияда көрсетілді.


Лапландия тұрғындары ерекше құбылысты бақылады (видео)

ERNUR.KZ. Лапландиялықтар табиғаттың ерекше көрінісінің куәгері болды, деп хабарлайды Хабар24.

Жарқылдаған жасыл түсті сәулелер кешкі аспанды шұғылаға бөледі. «All About Lapland» туристік порталы бұл әсем құбылысты тікелей трансляцияда көрсеткен.

Айта кетейік, қыркүйек пен қазан айлары Финляндияның солтүстігіндегі шұғылаларды тамашалауға болатын ең қолайлы кез. Полярлық немесе солтүстік шұғыла деп аталатын бұл құбылыс - Жер атмосферасының ионосфера қабатында байқалатын жарқыл. Жоғары энергиялы зарядталған бөлшектердің атомдар және молекулалармен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Жыл сайын миллиондаған турист осы сәтті көзімен көру үшін осы жерге ағылады екен.