Либерияда мектепте өрт болып, 27 оқушы қаза тапты

0
829

Отқа оранған ғимараттан тек екі оқушы ғана шығып үлгерген.


Либерияда мектепте өрт болып, 27 оқушы қаза тапты

ERNUR.KZ. Либерияның Пейнсвилль қаласындағы мектеп-интернатта өрт шығып, салдарынан 27 бала ажал құшты, деп хабарлады «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдары мәлімдеді. Отқа оранған ғимараттан тек екі оқушы ғана шығып үлгерген. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қызыл жалын бүгін түнде тұтанған. Алдын ала ақпарлар бойынша оған сымдардың тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Тергеу амалдары басталып кетті. Ел Президенті Джордж Веа қаза тапқандардың жақындарына қайғырып, көңіл айтты.