Литва – Латвия магистарльды газ құбыры желісінде жарылыс болды

0
486

Тұрғындарға терезелерді жауып, сыртқа шықпауға кеңес берілген.


Литва – Латвия магистарльды газ құбыры желісінде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Литваның солтүстігіндегі Пасвальск ауданында магистральдық газ құбыры желісінде жарылыс орын алып, арты өртке ұласты, деп жазады zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, оқиға орнына 6 өрт сөндіру звеносы тартылды. Полиция да жарылыс алған аумақты қоршауға алды. Жедел штаб құрылды.

"Өрт оқшауланды, газ беру тоқтатылды. Өрттің беті қайтты, ол бірте-бірте сөнуі керек", - деді Литваның өртке қарсы және құтқару департаментінің өкілі.

Сонымен қатар, жарылыс орнынан шамамен 500 метр қашықтықта орналасқан Валакелай ауылының 250-ге жуық тұрғынын эвакуациялау кейінге қалдырылды. Алайда онда автобустар жіберіліп қойды. Сондай-ақ, адамдарды қабылдау үшін екі мектеп дайындалғаны хабарланады. Пасвалис тұрғындарына терезелерді жауып, сыртқа шықпауға кеңес берілді.