Лос-Анджелесте белгісіз біреу Путинді әуеден құттықтады (видео)

0
728

Лос-Анджелес қаласының аспанында Ресей президентін құттықтау жазбасы пайда болған.


Лос-Анджелесте белгісіз біреу Путинді әуеден құттықтады (видео)

ERNUR.KZ. 7 қазанда Ресей Федерациясының басшысы өзінің туған күнін тойлады. Владимир Путин 67 жасқа толды. Лос-Анджелес аспанында президентті құттықтау жазбалары пайда болды, деп жазады baq.kz.

Mash телеграм-каналының мәліметтеріне сүйенсек, Лос-Анджелес қаласының аспанында Ресей президентін құттықтау жазбасы пайда болған.

Дүйсенбі күні, яғни 7 қазанда белгісіз адам Лос-Анджелес қаласының үстінен ұшақпен ұшып бара жатып, ашық аспанда хэштег белгісімен латын әріптерінде "VVP" деп жазылған және "67" саны бар айшықталған белгі қалдырған.

Бұл ерекше көріністің видеосы Mash телеграм-каналында жарияланды.