Лотереядан миллион фунтқа жуық ақша ұтып алған адам өз-өзін атып өлтірді

0
1 282

Лотереядан миллион фунтқа жуық ақша ұтып алған тайландтық Джиравут Понгфан өз-өзін атып өлтірді. Оған себеп «бақытты» билетті жоғалтып алуы.


Лотереядан миллион фунтқа жуық ақша ұтып алған адам өз-өзін атып өлтірді

Лотереядан миллион фунтқа жуық ақша ұтып алған тайландтық Джиравут Понгфан өз-өзін атып өлтірді. Оған себеп «бақытты» билетті жоғалтып алуы. Ағылшынның Mirror басылымы Джиравут Понгфан қуанышын атап өтпек болып туыстары мен достарын қонаққа шақырғанын жазады. Тек ертеңіне әлгі ұтыс билеті жоғалып кеткен. 950 мың фунттан айырылу оған ауыр тиген. Ұнжырғасы түсіп, жұмысқа барудан қалыпты.

Осындай ақшадан айырылған Джиравут Понгфан 31 қаңтарда өзін-өзі атып тастады. Өлер алдында ол «Өкінішті. Менің отбасымды бопсаламаңдар, өтінемін. Мен шынымен де лотереядан ұтып алдым» деген тілдей хат жазып кетіпті.

Ал лотереядағы ұтыс ақшаға әлі ешкім келмеген.