"Лукойл" вице-президенті 6-қабаттан құлап, мерт болды

0
494

67 жастағы Равиль Маганов Мәскеудегі клиникалық ауруханада алтыншы қабаттағы бөлімшеде ем алып жатқан.


ERNUR.KZ. "Лукойл" директорлар кеңесінің басшысы Равиль Маганов аурухана терезесінен құлап, салдарынан қайтыс болды, деп жазады ulysmedia.kz.

67 жастағы Равиль Маганов Мәскеудегі клиникалық ауруханада алтыншы қабаттағы бөлімшеде ем алып жатқан. Мұнай компаниясының топ-менеджері суицид жасады деген болжам бар.

1980 жылдары Маганов “Лангепаснефтегаз” компаниясында жұмыс істеген. Аталған компания 1991 жылы құрылған “Лукойл”-дың құрамына енген. Маганов “Лукойл” атауын ойлап тапқан адам.