Мәйітханада орын жетпей, көлік мұздатқышына салған

0
810

Мексикада жүк көлігінің мұздатқышынан 157 адамның мәйіті табылды


Мәйітханада орын жетпей, көлік мұздатқышына салған

ERNUR.KZ. Мексиканың Гвадалахар қаласынан шеткері аймақта жүк көлігінің мұздатқышынан 157 адамның өлі денесі табылды, деп жазады 24.kz.

Жергілікті халықтың үрейін тудырған оқиғаның жай-жапсары кейін белгілі болды.

Мүрделер мемлекеттік мәйітханада орын жетпегендіктен, уақытша мұздатқышы бар көліктерге салынған екен. Алайда оларды тиеген орган жергілікті билікті ескертпеген көрінеді.

Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.