Мәйітті сөмкеге салып, сүйреп бара жатқан күдіктінің видеосы жарияланды

0
3 283

​Кадрда ер адам ауыр сөмке сүйреп бара жатқаны көрінеді. Кейін ойнап жүрген балалар чемодан ішінде бөлшектелген мәйіт тапқан.


Мәйітті сөмкеге салып, сүйреп бара жатқан күдіктінің видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Ресейдің Орск қаласында қылмысын жасармақ болған күдікті видеоға түсіп қалды, деп жазады sputnik.kz.


Кадрда ер адам ауыр сөмке сүйреп бара жатқаны көрінеді. Кейін ойнап жүрген балалар чемодан ішінде бөлшектелген мәйіт тапқан. Олар бірден ата-анасын шақырған.

Құтқарушылар ер адам пәтерінің есігін бұзып кірді. Күдіктіден тергеуші жауап алып жатыр.

Пәтерінде етке арналған пышақ пен балға тапты. Болжам бойынша, бұл кісі өлтіру қаруы. Ер адам қылмысты мойындаған.

Бұған дейін тергеу марқұмның жеке басын анықтағаны туралы хабарланған болатын. Ол Орск қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен оның 42 жастағы танысы ұсталды.