Махачкаладағы өрт орнында тағы бес адамның денесі табылды

0
370

Қаза тапқандардың жалпы саны 35 адамға жетті.


Махачкаладағы өрт орнында тағы бес адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Махачкаладағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан кейін өрт орнында тағы бес адамның денесі табылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Ресей ТЖМ қызметкерлері апаттық-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Махачкаладағы жанармай құю станциясында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 27-ге жеткені хабарланған болатын. 14 тамыздан 15-не қараған түні Дагестан астанасы Махачкалада жанармай құю станциясында жарылыс болып, соңы үлкен өртке ұласты. Өрт аумағы 600 шаршы метрге тараған.