​Маккейн өзінің жерлеу рәсімінде Путинге "хабарлама" қалдырған

0
1 162

Пауэр Маккейннің өз жерлеуін "егжей-тегжей" мұқият жоспарлағанын атап өтті.


​Маккейн өзінің жерлеу рәсімінде Путинге

ERNUR.KZ. АҚШ сенаторы Джон Маккейн Ресей президенті Владимир Путинге және АҚШ басшысы Дональд Трампқа өз жерлеуінде "хабарлама" қалдырған. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Саманта Пауэр Twitter әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Пауэр Маккейннің өз жерлеуін "егжей-тегжей" мұқият жоспарлағанын атап өтті. Бұрынғы дипломаттың айтуынша, сенатор Украина президенті Петр Порошенконы рәсімге шақырғаны және оны НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің жанына отырғызуы кездейсоқ емес.

"Владимир Путин мен Дональд Трампқа арналған қоштасу хабарламасы: Америка өз достары мен одақтастарының жанында қалады", - деп жазған ол.