Малайзияда екі тікұшақ құлап, 10 адам қаза тапты

0
181

Қайтыс болғандардың барлығы - экипаж мүшесі.


Малайзияда екі тікұшақ құлап, 10 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Малайзияның Лумут қаласында елдің Корольдік теңіз күштерінің 90 жылдығына орай әуе шеруі алдындағы жаттығу кезінде екі тікұшақ құлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Малайзияның өрт сөндіру және құтқару қызметі хабарлағандай, екі тікұшақта болған 10 экипаж мүшесі қаза тапты

Жергілікті БАҚ жариялаған кадрлардан тікұшақтардың ұшып жүргенін көруге болады. Сол сәтте олардың бірі екіншісінің бұрандасына ілініп қалады, артынша екі тікұшақ та жерге құлайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тікұшақтардың бірі спорт стадионының баспалдағына, ал екіншісі стадион жанындағы бассейнге құлаған. Олардың бірінде үш, екіншісінде жеті экипаж мүшесі болған.