Малайзиялық «Боингты» Ресей әскерінің ракетасымен атып түсірген – зерттеу

0
1 521

Зерттеу барысында әлеуметтік желілерде жарияланған фотолар мен видеоматериалдар қолданылды. Сондай-ақ, зерттеу барысында 100 күдіктінің саны «бірнеше ондыққа» дейін қысқарғаны белгілі болды.


Малайзиялық «Боингты» Ресей әскерінің ракетасымен атып түсірген – зерттеу

2014 жылдың 17 шілдесінде Донбасста MH17 рейсін орындаған «Боинг-777» ұшағын Ресей қарулы күштер әуе шабуылына қарсы 53 Курск бригадасына тиесілі ракета жерге құлатты. Осылай деп қорытынды шығарды бес мемлекет өкілдерінен құралған тергеу тобы, деп хабарлайдыBaq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Тергеу тобының өкілі пресс-конференциясы барысында ұшақты құлатқан «Бук» қондырғысы екені оның бірегей ерекшеліктерінің арқасында анықталғанын айтты. Зерттеу барысында әлеуметтік желілерде жарияланған фотолар мен видеоматериалдар қолданылды. Сондай-ақ, зерттеу барысында 100 күдіктінің саны «бірнеше ондыққа» дейін қысқарғаны белгілі болды. Алайда тергеу тобының өкілі негізгі күдіктілердің атын атаудан бас тартты.

Пресс-конференция барысында тергеушілер бригада қызметкерлеріне – куәгерлерге, олардың туыстары мен достарына зерттеуге қажетті ақпарат білген жағдайда хабарлауды сұрады. Осы уақытқа дейін Bellingcat халықаралық тергеу жүргізу тобы Зенит ракета кешенінің 53-ші бригадаға тиесілі екенін хабарлаған-ды.

2016 жылдың ақпан айында Bellingcat «MH17: Потенциалды күдіктілер және 53-ші зенит-ракета бригадасының куәгерлері» лайнерінің жойылуына қатысты сенсациялық жариялыным жасаған болатын. Бұл баяндамада Bellingcat пікірінше жолаушылар ұшағына ракетаның бағытталуына жауапты деген адамдардың аты аталған: бригада командирі, құрамына қондырғы да кіруі мүмкін деген 2-ші дивизион командирі. Экипаж бен батарея командирлерінің аты-жөніне фамилияларының алғашқы әрпі мен есімдері толықтай жазылған.

Сол уақыттан бері Bellingcat осы қондырғының тоғыз суретін жариялады.

«Боинг-777» ұшағымен трагедия Украинада сағат 16:20 шамасында болды. Ұшақ Malaysia Airlines MH17 рейсінің соңынан Амстердамнан Куала-Лумпур бағыты бойынша ұшқан. Бортта отырған 298 адамның барлығы қайтыс болған. Жолаушылардың көпшілігі Нидерланды азаматы.

Халықаралық тергеу тобы лайнерді Снежное пунктінің маңында «Бук» зенит-ракета кешенінен шыққан «жер-ауа» ракетасы құлатты деген қорытынды шығарды. Тергеу тобының анықтауынша, ұшақты құлатқан «Бук» қондырғысы Ресейден Украинаға жеткізілген. Ал Мәскеу МН17 құлауына өзінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл іске Украина әскерилерінің қатысы бар екенін де жоққа шығарып отыр.

Халықаралық тергеу тобының құрамына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қолдауымен жұмыс істейтін Нидерланды, Австралия, Малайзия, Бельгия және Украина өкілдері кірді.