Мұғалімдер жалақыны көбейтуді талап етіп шеруге шықты

0
1 095

Педаготар жалақыны көбейту және мектептерге бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуды талап етіп шеруге шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ golos-ameriki.ru-ға сілтеме жасап.


Мұғалімдер жалақыны көбейтуді талап етіп шеруге шықты

фото: golos-ameriki.ru

Педаготар жалақыны көбейту және мектептерге бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуды талап етіп шеруге шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ golos-ameriki.ru-ға сілтеме жасап.

АҚШ-Тың Оклахома және Кентукки штатында дүйсенбі күні мұғалімдер шеруге шықты. Шерудің мақсаты – білім ошақтарына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту және ұстаздардың жалақысын көбейту. Аталған екі штатта да дүйсенбі күні сыныптар жабылды. Оның бір себебі – мұғалімдердің шеруі болса, екіншісі – көктемгі каникул.

Бұған дейін АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатында да мұғалімдер жалақы өсіруді сұрап шеруге шыққан болатын.

Оклахома мұғалімдер кәсіподағы оқытушылардың жалақысын 10 000 долларға, көмекші персоналдардыкін 5 000 долларға көтеруді, сонымен қатар, білім жүйесіне бөлінетін қаржыға қосымша 200 млн доллар бөлуді сұрап отыр.

Мұғалімдердің айтуынша, жалақы көтерілген күнде де өмір сүру үшін екінші, үшінші жұмыс іздеуге тіра келетін көрінеді. Сондықтан кейбір мұғалімдер қосымша даяшы, бағбан болып жұмыс істейді екен.