Мамандар сәбиді 30 жастан кейін босану керек екенін айтты

0
2 762

30-дан асып босанған әйелдердің жартысынан көбі 95 жасқа жеткен.


Мамандар сәбиді 30 жастан кейін босану керек екенін айтты

ERNUR.KZ. Егер 12-15 жыл бұрын әйелдер 22 жастан кешікпей балалы болуға асықса, 2017 жылы Батыста алғаш рет ана атанғандардың жасы орта есеппен 30-да болған. Мамандар орта жасқа келіп, босанудың тиімді екенін алға тартты деп, жазады kaz.nur.kz.

30 жастан кейін босанудың мынадай тиімді жақтары бар:

Эмоционалды және психологиялық дайындық. 30 жастағы әйелдер ана болуға аса жауапкершілікпен қарайды. Өмірлік тәжірибе бала тәрбиесіндегі қиындықтармен күресуге көмектеседі.

Әлеуметтік зерттеулер 30-дан асқан әйелдердің өз балаларымен жақсы қарым-қатынаста болатынын анықтаған. Жас ұлғайған соң, адамдар басқаларға төзімділік танытып, оларды түсінуге тырысады. Бұл жастағы аналар балаларын аз ұрысады.

Денсаулық. 2016 жылғы АҚШ зерттеулеріне сәйкес, 25-тен кейін босанған әйелдердің 90 жасқа жететіні анықталған. Ал 2014 жылғы зерттеу 95 жасқа келгендердің 50 пайызы 33-тен кейін босанғанын көрсеткетті.

Швециядағы зерттеу бойынша, орта жаста босанғандардың балалары жас аналардың балаларына қарағанда ақылды әрі дені сау екені анықталды.

Қаржылық жағы. 30 жастан асқан әйел қаржылай тәуелсіз болады. Өз баласын жақсы тамақтан бастап жақсы оқу орына дейін қамтамасыз ете алады. Әдетте 30 жастағы адамдардың тұрақты жұмысы бар.

Қаржылық әл-ауқат ата-ананың психикалық жағдайына қатты әсер етеді.

Табыс деңгейі жоғары болған сайын, ертеңгі күнге деген сенім артады. Қаржылай тәуелсіз аналар өзін декреттік демалыспен қамтамасыз етіп, баланың тәрбиесіне алаңсыз беріле алады.