Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

0
773

Айта кетейік, 9 қыркүйекке қараған түні Мароккода магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды.


Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Мароккодағы зілзала салдарынан қаза тапқандар саны екі мыңнан асты, сондай-ақ тағы екі мыңнан астам адам зардап шекті, деп жазады Stan.kz

Марокко Ішкі істер министрлігі жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 2012-ге жеткенін, кемінде 2059 адам жараланғанын, оның ішінде 1404-інің жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. 
Аймақтағы Қызыл Кресттің жоғары лауазымды қызметкері Хоссам Эльшаркавтың айтуынша, қаза тапқан адамдар мен мүліктік шығынның мөлшерін анықтау үшін барлық демалыс күндері керек болуы мүмкін. 

Марокко королі Мұхаммед VI жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін елде үш күндік аза тұту күнін жариялап, Корольдіктің мемлекеттік туларын жартылай түсіріп қоюды бұйырды.

Айта кетейік, 9 қыркүйекке қараған түні Мароккода магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Бұған дейін зілзала салдарынан 630-дан астам адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.