Мәскеу мен Мәскеу облысында жарылыс қаупіне байланысты 2 мың адам эвакуацияланды

0
1 048

Мәскеу облысында Реутов және Коломнадағы екі сауда орталығынан 800 адам эвакуацияланды.


Мәскеу мен Мәскеу облысында жарылыс қаупіне байланысты 2 мың адам эвакуацияланды

ERNUR.KZ. РФ Мәскеу және Мәскеу облысында жарылыс қаупі туралы түскен хабарламаға байланысты сауда орталықтары мен жоғары оқу орындары ғимараттарынан 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мәскеу мен Мәскеу облысына 20 нысанға мина қойылғаны туралы ақпарат түсті, тексеру кезінде 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды», - деді дереккөз.

Атап айтқанда, Мәскеу облысында Реутов және Коломнадағы екі сауда орталығынан 800 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ, Мәскеуде Ленин даңғылындағы «Рио» сауда орталығында адамдар қауіпсіз жерге шығарылған. Мәскеу технологиялық университетінде оқу процесі тоқтатылды.

«Мина» қойылған ғимараттардың арасында "Ереван Плаза", "Европарк" сауда орталықтары, "Синема стар" кинотеатры болуы мүмкін.