Мәскеуде 16 мамырда ҰҚШҰ саммиті өтеді

0
609

10 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысқан болатын.


Мәскеуде 16 мамырда ҰҚШҰ саммиті өтеді

ERNUR.KZ. 16 мамырда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер саммиті өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"16 мамырда ҰҚШҰ-ның 30 жылдығына орай Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер саммиті өтеді. Бұл - көшбасшылардың кездесуі және таңғы ас форматындағы жеке әңгіме. Шара қорытындысы бойынша (ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Станислав) Зась пен (Армения премьер-министрі Никол) Пашинян журналистерге ақпарат береді деп күтеміз", - деді Песков, Армения қазір ұйымның төрағасы екенін еске салып.

Еске салайық, 10 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысқан болатын. Онлайн-саммит бір минут үнсіздікпен басталып, оған Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь президенттері, Армения, Қырғызстан премьер-министрлері және ҰҚШҰ бас хатшысы қатысты.