Мәскеуде «Ұлы дала алтыны» көрмесі өтеді

0
1 194

«Ұлы дала алтыны» көрмесі көрермендерін 2500 жыл бұрын уақытқа әкетіп, патшалардың өлмей, жерасты сарайларына мәңгілік ұйқыға кеткен кезді көрсетеді.


Мәскеуде «Ұлы дала алтыны» көрмесі өтеді

ERNUR.KZ. Наурыз айының 2-20 күндері аралығында Мәскеу қаласындағы Ресей заманауи тарихы мемлекеттік орталық мұражайында «Ұлы дала алтыны» атты көрме өтеді, деп жазады. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА.

«Ұлы дала алтыны» көрмесі көрермендерін 2500 жыл бұрын уақытқа әкетіп, патшалардың өлмей, жерасты сарайларына мәңгілік ұйқыға кеткен кезді көрсетеді. Мұндай бірегей қорғандар Шығыс Қазақстанда орналасқан. Олар «Патшалар алқабы» деп аталып кеткен. Берель алқабында қазба жұмыстарын жүргізге кезде, археологтар онда екі мың жыл өтсе де өте жақсы сақталған бірегей қорымдарды анықтаған.

«Ұлы дала алтыны» көрмесінде сол уақыттағы атты және ат әбзелдерін, сондай-ақ Алтын адамды, біздің заманымыздағы жоғары технологиялар кезінде де жасала қоймайтын бірегей техникамен орындалған көптеген әшекей бұйымдар, семсерлер мен қанжарлар, ерте замандағы адамдардың мүсіндері мен еңбек қаруларын тамашалауға болады.