​Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы теракт: Көз жұмғандар саны 60-қа жетті

0
684

Ведомство көз жұмғандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін хабарлады.


​Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы теракт: Көз жұмғандар саны 60-қа жетті

Ресей тергеу комитеті "Крокус Сити Холлда" болған террорлық шабуыл нәтижесінде кем дегенде 60 адам көз жұмғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Сондай-ақ ведомство көз жұмғандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін хабарлады. Тергеушілер, криминалистер және аталған ведомствоның сарапшылары ішкі істер министрлігі және федералды қауіпсіздік қызметі жедел бөлімшелерімен бірлесіп оқиға орнында тергеу әрекеттерін жалғастыруда.

Ведомство дерегінше, қаза тапқандардың денелеріне тексеру жүргізіледі. Шабуылда қаза тапқандардың саны 60-тан асады. Өкінішке орай, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін.

Қылмыс орнынан заттай дәлелдемелер, оның ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер алынд. Барлық қажетті сараптамалар, соның ішінде генетикалық, баллистикалық, саусақ іздері тағайындалды. Сонымен қоса бейнебақылау камераларынан жазбалар алынады және зерттеледі.

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Бүгінде Террористік акт туралы қылмыстық іс қозғалды. Шабуылдаушылар "Крокус" залына бірнеше бөтелке лақтырған. Олардың бірі ұсталды. Жалпы, қылмысқа 10-ға жуық адам қатысуы мүмкін. "Крокустың" жоғарғы қабаттары өртеніп кете жаздады, от төмен түсті. Ғимарат құлауы мүмкін екені айтылды.

Зеленский Кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Украинаның шабуылға қатысы жоқ деп мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда ресейлік құқықтық тәртіп органдарына көмек көрсететінін мәлімдеді. Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі ашылды.

Ресей Федерациясының бұрынғы президенті Дмитрий Медведев "егер бұл Киев режимінің террористері екендігі анықталса, олармен және олардың идеялық шабыттарымен басқаша әрекет ету мүмкін емес. Олардың барлығы террорист ретінде табылып, аяусыз жойылуы керек. Осындай қатыгездік жасаған мемлекеттің шенеуніктерін қоса алғанда” деп мәлімдеді.