Мәскеудегі митинг кезінде 40-тан астам полиция қызметкері жараланды

0
2 551

Мәскеудің бірнеше орталық көшесінде шерушілер мен ОМОН қызметкерлері арасында шағын қақтығыстар болып жатыр.


Мәскеудегі митинг кезінде 40-тан астам полиция қызметкері жараланды

ERNUR.KZ. Мәскеу орталығында санкцияланбаған митинг кезінде 40-тан астам полиция қызметкері жараланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері шерушілердің бір бөлігін "Трубная площадь" алаңынан ығыстырып шығарды. Қазіргі кезде Мәскеудің бірнеше орталық көшесінде ОМОН қызметкерлерімен шағын қақтығыстар болып жатыр. Олар жиналған топты таратуға талпынып жатыр.

Тергеушілер ОМОН және полиция қызметкерлеріне күш қолдану фактілері бойынша тергеуалды тексеру жұмыстарын бастап кетті.

"Мәскеу бойынша ТК БТБ (ГСУ СК) мамандары Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану деректері бойынша бірқатар тергеуалды тексеру жұмыстарын жүргізуде. Осы шара аясында барлық заңбұзушылықтар анықталып, оны жасаған адамдардың әрекетіне баға беріледі", - деді Тергеу комитетінің Мәскеу бойынша Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова.