Меккеде пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатыр (фото)

0
1 169

​Әлем мұсылмандары пандемия салдарынан екі жыл қатарынан қажылықтан бас тартуға мәжбүр.


Меккеде пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатыр (фото)

ERNUR.KZ. Осы жылы ислам әлеміндегі қасиетті орынға баратындар саны 60 мыңнан аспайды. Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі дәл осынша квота бөлген. Бұл пандемияға дейінгі қажылық етуші адам санынан 50 есе аз, деп жазады sputniknews.kz.

Сонымен қатар Қағба айналуға ниет еткен мұсылмандардың барлығы коронавирусқа қарсы ведомство мақұлдаған вакцинаны салдыруға тиіс және киелі орынға келуден көп дегенде үш күн бұрын тапсырған ПТР-тесті болуы керек.

Меккенің өзінде де мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруге міндетті.

Құлшылық етушілер Сауд Арабиясына өткен аптаның соңынан бастап келе бастады. Осы жылы "қысқартылған" қажылық 17-22 шілде аралығында өтеді.

Осы уақыт ішінде түрлі елден келген мұсылмандар қажылық кезінде міндетті саналатын түрлі жөн-жоралғыны орындайды. Олардың қатарында Қағбаның киелі тасын жеті рет айналу, Арафат тауына шығу, шайтанға тас ақтыру сынды іс-әрекеттер бар.

Қажылық әрбір мұсылман үшін исламдағы бес парыздың бірі болып саналады.