Мексикада жер сілкінісі: Қаза тапқандардың саны артып жатыр

0
614

Жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 балл.


Мексикада жер сілкінісі: Қаза тапқандардың саны артып жатыр

ERNUR.KZ. Мексика билігі 23 маусымда болған жер сілкінісінен алты адамның қаза тауып, тағы 30 адамның жарақат алғанын айтты, деп жазады Тengrinews.kz.


"Штат аумағында алты өлім расталды, төрт адам жарақат алды. 500 ғимарат пен 15 медициналық орталық, сондай-ақ, төрт археологиялық аумақ бүлінді", - деп жазады басылым.


Магнитудасы 7,4 балл болатын жер сілкінісі Мексиканың оңтүстігінде Эль Коюль қаласынан 9 шақырым жерде болған. Тереңдігі - 33 шақырым.