Мемлекет тұрғын үйлерді тегін таратып бермекші

0
126

Баласы бар жас отбасы үй алуда басымдылыққа ие болады.


Мемлекет тұрғын үйлерді тегін таратып бермекші

ERNUR.KZ. Сицилиялық Каммарата қаласының билігі жаңа тұрғындарды тарту мақсатында үйді тегін үйлестірмекші, деп жазады Stan.kz.

Қазір қалада алты мыңға жуық халық тұрады екен. Каммарата қаласының мэры Винченцо Джамброне басқа жаққа қоныс аударған тұрғындарға өз үйлерін жаңадан көшіп келушілерге тегін беруді ұсынған екен. Оның мақсаты қаланың халық санын көбейту көрінеді. Ал көшіп жатқан тұрғындар болса қала билігін бұл жағдайда қарапайым халық қандай шығындарға ұшырайтындығына мән бергісі келмейді деп наразы болып отыр.

Қазіргі таңда қалаға қоныс аударушыларға деп 10 тұрғын үй дайындалып қойылған, мэр үйлердің саны алдағы уақытта 100 дейін жететіндігін жеткізді. Баласы бар жас отбасы үй алуда басымдылыққа ие болады екен. Сонымен қатар, қаланың жаңа тұрғындары мың евро көлемінде жәрдемақыға ие болады. Алайда ескере кететін жайт, тұрғындар үйге жөндеу жұмысын өз күшімен жасауы қажет.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет