"Мен сені сүйемін": Ұшақ өртінен көз жұмған бортсерік сүйіктісіне хабарлама жолдап үлгерген

0
1 691

Шереметьево әуежайында ұшақ өртенуінің салдарынан көз жұмған 22 жастағы бортсерік Максим Моисеев өлімінің алдында сүйіктісіне хабарлама жолдап үлгерген.​


ERNUR.KZ. Ұшақта бортсерік болып қызмет ететін Максим Моисеев өлімінің алдында сүйіктісіне хабарлама жолдаған деп жазады stan.kz.

Максим Моисеев өлімінің алдында Ксюша есімді сүйіктісіне хабарлама жолдапты. Қыз да бортсерік болып жұмыс істейді екен.

Максим хабарламада «Мен сені сүйемін» деп жазған.

Қазіргі уақытта Ксюша Максимнің ата-анасының жанында.

Максим Моисеев ұшақ өртенген кезде жолаушыларды құтқарамын деп өзі көз жұмған еді.

Айта кетейік, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болды. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болған.