​Мейірбике сау адам мен шылым шегетін адамның өкпесін салыстырып көрсетті (видео)

0
2 461

Темекі түтінінен қарайып әрі тыржиып кеткен өкпеге қараудың өзі қорқынышты.


​Мейірбике сау адам мен шылым шегетін адамның өкпесін салыстырып көрсетті (видео)

ERNUR.KZ. Мейірбике 20 жылдан бері шылым шегетін және дені сау адамның өкпесін салыстырып, арнайы зерттеу жүргізді. Ол екі адамның өкпесін видеоға түсіріп, желіде жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Мейірбике Аманда Эллер АҚШ-тың Солтүстік Каролина аймағында тұрады. Ақ халатты жан темекі шегу арқылы денсаулыққа қандай зиян келетінін көрсету үшін бейнежазба түсірген.


Темекі түтінінен қарайып әрі тыржиып кеткен өкпеге қараудың өзі қорқынышты. Ал шылымға жоламайтын адамның өкпесі ашық қызыл түсті. Бұған қараған адамның өзі-ақ шылымнан аулақ жүретіні сөзсіз.

Мейірбике органның тек сыртқы түрін емес, ішкі қызметіндегі айырмашылығын көрсетуге тырысқан. Ол үшін Аманда арнайы аппараттың көмегімен тыныс алу органын үрлеп, оның жұмысын көрсеткен. Темекі шекпейтін адамның өкпесі жеңіл әрі қозғалуы оңай. Сондай-ақ, шылымға құмар адамның өкпесі оттекті өте аз мөлшерде сыйдырып, сақтап, сіңіре алады екен.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет