Минскіде бас көтергендердің денесін жарылғыш заттар жұлып кетті (фото)

0
100

Беларусь қалаларындағы жаппай халықтың бас көтеруі президент сайлауы аяқталып, сайлау нәтижелері жария болған соң басталды.


Минскіде бас көтергендердің денесін жарылғыш заттар жұлып кетті (фото)

ERNUR.KZ. Минскіде митингке шыққандарға қарсы жарықтық-дауыстық жарылғыш заттар пайдалануда екен. Қазір граната тиген тұрғындардың денесіне ауыр зардаптар келген, деп жазады stan.kz.

«NEXTA Live» Telegram-каналының мәліметінше, ОМОН жасағы Червяков және Машеров көшелерінің қиылысында халыққа жарылғыш заттарды лақтырған. Жарылғыш зат біреудің денесін жұлып кеткен. Жарақат алғандарды жедел жәрдем көліктері ауруханаға әкетіп жатыр.

Аталмыш жарылғыш зат тағы бір адамның аяғын жұлып кетіпті. Ғаламторда тараған фотода зардап шеккеннің аяғына жгут орап жатқаны байқалады.

Жергілікті БАҚ көз жұмған алғашқы адам жайлы хабарлады.

«NEXTA Live» Telegram-каналы Минскідегі наразылық шеруі барысында көз жұмған алғашқы адам жайлы мәлімдеді. Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша, мерт болған адам - жас жігіт. Бұған қоса, митинг болып жатқан көшелерде жарақат алғандар көбейе бастаған. Қазір олар жедел жәрдемнің келуін күтуде.

Минскідегі наразы жұрт бірте-бірте тарауда, автокөлік қозғалысы қалпына келе бастады.

Беларусь қалаларындағы жаппай халықтың бас көтеруі президент сайлауы аяқталып, сайлау нәтижелері жария болған соң басталды. Сайлау 9 тамыз күні аяқталған. Ресми деректерге сүйенсек, Беларусьтың қазіргі президенті Александр Лукашенко 81% дауыспен жеңіске жетсе, оның қарсыласы Светлана Тихановская халық дауысының тек 8%-ын жинапты. Халық 1994 жылдан бері 6 рет қатарынан президент болып келе жатқан Лукашенконың жеңісіне сенбейді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет