​Мобилді қосымша арқылы ақша ұрлайтындар ұсталды

0
2 073

ERNUR.KZ. Өзбекстанда пластикалық карталардан әлеуметтік желі және мобилді қосымшалар арқылы ақша ұрлайтын кибер-алаяқтар ұсталды.


​Мобилді қосымша арқылы ақша ұрлайтындар ұсталды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда пластикалық карталардан әлеуметтік желі және мобилді қосымшалар арқылы ақша ұрлайтын кибер-алаяқтар ұсталды, деп жазады kun.uz.

Сырдария облысында тұратын өзбекстандық азамат мобилді қосымша жасап, оны Play Маркет-те орналастырған. Оны пайдаланушылар тартып, смартфонға орналастырған соң 10 мың сум төлемесе, телефоны бұғатталатыны туралы хабарлама келіп түседі. Аталған соманы төлеген пайдаланушыға күдікті нөмірден тағы хабарлама келіп, сол арқылы телефон иесінің барлық мәліметтеріне қанық болады.

Oson мобилді қосымшасын пайдаланған кибер-алаяқ смартфон иелері жайындағы мәліметті енгізіп, карта иесіне қоңырау шалған. Ақша аударылғандығы жөнінде айтып, телефонға келіп түскен құпия санды айтуын сұраған. Сол арқылы картадағы ақшаны оп-оңай шешіп алып отырған.

Іздеу барысында алаяқ қолға түсіп, қазір жаза тағайындалуда.