Молдовада мобилизация жариялануы мүмкін

0
413

Бұған дейін Молдова президенті елдің егемендігіне РФ тарапынан қауіп төнген жағдайда Кишинев қорғаныс шараларын қабылдайтынын айтқан.


Молдовада мобилизация жариялануы мүмкін

ERNUR.KZ. Украинадағы соғыс елдердің шекарасына жеткен жағдайда Молдовада мобилизация жариялануы мүмкін. Бұл туралы TVR Moldova телеарнасына берген сұхбатында республиканың қорғаныс министрі Анатолий Носатий мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министр бірақ дәл қазір Молдова мұндай сценарийге көшпейтінін айтты.

«Мұндай сценарийге көшу үшін ең алдымен Украинадағы майданда біршама түбегейлі өзгерістер болуы керек. Бұл дегеніміз соғыс іс-қимылы Молдова республикасының шекарасына өте жақын болады», - деді ол.

Министр Молдова билігі Украинадан босқындар ағыны көбейген жағдайда да мұндай шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Молдова президенті Майя Санду Молдованың егемендігіне Ресей Федерациясы тарапынан қауіп төнген жағдайда Кишинев қорғаныс шараларын қабылдайтынын айтқан.

Еске салайық, Ресей зымырандары Молдованың әуе кеңістігіне ұшып өткен еді.