Мозамбикте 15 метрлік қоқыс тауы үйлерді басып қалды

0
1 188

Мозамбик астанасы Мапутуда нөсер жауыннан соң биіктігі 15 метрдей тау боп үйілген қоқыс тұрғын үйлерді басып қалды. Салдарынан кем дегенде 17 адам мерт болды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.


Мозамбикте 15 метрлік қоқыс тауы үйлерді басып қалды

фото: clubOmozambique

Мозамбик астанасы Мапутуда нөсер жауыннан соң биіктігі 15 метрдей тау боп үйілген қоқыс тұрғын үйлерді басып қалды. Салдарынан кем дегенде 17 адам мерт болды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Басылымның мәліметінше, бұл жағдай 19 ақпанға қараған түнде, қаланың кедейлер қоныстанған аумағында орын алған. Қоқыс басып қалған баспаналар бұрынырақта жергілікті билік тарапынан заңсыз деп танылған екен. Сондықтан кей отбасы бұл жерді апатқа дейін тастап кеткен. Әйтпесе, құрбандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін еді.

Зардап шеккендер мен бүлінген баспананың нақты саны әзірге белгісіз. Іздеу-құтқару шаралары әлі де жалғасып жатыр. Апат орнындағы жұмыстарды жауын салдарынан жинақталып қалған қоқыстың батпаққа айналуы қиындатып тұр.

фото: clubOmozambique