Мумбайдағы өрттен 7 адам қаза болды

0
898

Бесеуі жан сақтау бөлімінде.


Мумбайдағы өрттен 7 адам қаза болды

ERNUR.KZ. Мумбаида 6 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 7 адам жан тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

51 адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бесеуі жан сақтау бөлімінде.

Тілсіз жау тұрғын үйді түгел шарпыған. Тіпті автотұрақтағы көліктер де жанып кетіпті. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.