"Мұның немен аяқталатынын көрейік": Медведев Украинадағы мобилизациялау туралы айтты

0
423

Киев режимі Украина азаматтарын, соның ішінде Еуроодақ елдеріндегі украиналықтарды майданға мәжбүрлі түрде жұмылдыру үшін шұғыл шаралар қабылдады, деп мәлімдеді Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары.


ERNUR.KZ. Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Украина азаматтарын, оның ішінде Еуроодақ елдеріндегі украиналықтарды мәжбүрлі түрде мобилизациялауға қатысты пікір білдіріп, мұның соңы немен аяқталатынын Мәскеу бақылайтынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Киев режимі шұғыл түрде Украина азаматтарын, соның ішінде Еуроодақ елдеріндегі украиналықтарды мәжбүрлеп мобилизациялау бойынша шұғыл шараларды бастады. Мұның олар үшін немен аяқталатынын көрейік", - деді ол Ресей Федерациясының қарулы күштерін толықтыру жөніндегі кеңесте.
Ол сондай-ақ Отанын қорғауға өз еркімен кіріскен ресейліктердің саны Киев режимін таңғалдырды деп мәлімдеді.
"Түскен ақпаратқа қарағанда, Отан қорғауға өз еркімен аттанған азаматтардың саны қарсы тарапты да таңғалдырып отыр", - деді Медведев.