Мұсылман еліне тиесілі әуекомпаниядан стюардессалар жоғала бастады

0
418

2023 жылы кем дегенде жеті адам Канадаға қашып кеткен.


Мұсылман еліне тиесілі әуекомпаниядан стюардессалар жоғала бастады

ERNUR.KZ. Pakistan International Airlines (PIA) стюардессасы Канадаға жеткен рейстен соң жоғалып кетті, деп жазады stan.kz.

Фаиза Мұхтар Торонтоға Исламабадтан 19 қаңтарда келген. Келесі күні Карачиге ұшуы керек еді. Алайда стюардесса белгіленген уақытта жұмысқа келмей, байланысқа шықпаған.

Pakistan International Airlines қызметкерлері әуе компаниясынан қашып, 2018 жылдан бері басқа елдерден баспана іздей бастапты. Сол кезден бүгінге дейін мұндай жағдайлар жиі болып тұратын көрінеді. Осылайша 2023 жылы кем дегенде жеті адам Канадаға қашып кеткен.

Әуе компаниясы босқындарға қатысты либералды саясатты ұстанатын Канада билігін кінәлайды. Тасымалдаушы қашып кеткен жұмысшыларды жұмыстан шығарып, Пәкістанға оралған соң сотқа беретінін айтты. Бірақ қызметкерлердің жоғалу себебі ұшу экипаждарының төмен жалақысы мен елдегі экономикалық жағдайға байланысты екен.