Нан әлеуметтік және стратегиялық маңызы бар тауар түрінен алынып тасталады

0
1 645

Өзбекстан нанды әлеуметтік және стратегиялық маңызы бар тауар түрінен алып тастамақ


Нан әлеуметтік және стратегиялық маңызы бар тауар түрінен алынып тасталады

ERNUR.KZ. Өзбекстан үкіметі нанды (бөлке нан) бағасы мемлекеттік реттеуге жататын әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық тауар түрінен алып тастамақ. Осылай деп жергілікті БАҚ үкімет қаулысы жобасына сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады centralasian.org.

Құжат қабылданса, мемлекет нан бағасын реттемейтін болады.

Өзбекстанда 15 қыркүйектен бастап, бір бөлке нанның бағасы 650-ден 1200 сумға қымбаттады. Бірнеше күннен кейін 1050 сумға (0,13 доллар) қайта түсті. Бағаның құбылуының басты себебі, 15 қыркүйектен бері нанды нарықтық бағаға шығарған.

Бірақ кейін бірден қымбаттап кетуден алдын алып, бірінші сортты ұн бағасына шектеу қойған.

Бүгінде Өзбекстанда әлеуметтік және стратегиялық маңызы барлар санатына 21 тауар кіреді. Оның ішінде ұн, мақта майы, дәрі-дәрмек, бензин, астық, көмір және т.б. тауар бар.