​Наполеонның хаты аукционда 221 мың еуроға сатылды

0
1 125

Хаттардың ішіндегі ең қымбаты болашақ императордың 1796 жылы жазған хаты болды.


​Наполеонның хаты аукционда 221 мың еуроға сатылды

ERNUR.KZ. Барлығы үш хат болған және оның барлығы Жозефинаға арналған. Наполеон Бонапарттың өзінің жұбайына жіберген үш хаты Франциядағы аукционда 510 мыңнан астам еуроға сатылды, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Drouot аукцион үйіне сілтеме жасап, РИА Новости хабарлайды. Хаттардың ішіндегі ең қымбаты болашақ императордың 1796 жылы жазған хаты болды. Сауда-саттық қатысушыларының бірі ол хатты 221 мың еуроға сатып алды. Аукцион ұйымдастырушыларының бірі «Махаббат жасасын», деп жазып, хаттың фотосымен бірге Twitter парақшасында жариялады.