Нәресте анасын емгеннен кейін шетінеп кетті

0
64

Әйел жүкті болған кезде арқасы ауырып, дәрігерлер жазып берген "трамадол" дәрісін ішкен.


Нәресте анасын емгеннен кейін шетінеп кетті

ERNUR.KZ. Англияның Тинмут қаласы Девон графтығында нәресте анасының сүтінен шетінеп кетті. Әйел жүктілік кезінде ауырсынуды басатын дәрі ішкен, деп жазады sputniknews.kz.

19 тамыз күні тергеудің болжамы айтылды. Мамандар нәрестенің шетінеп кетуіне анасының сүті арқылы барған анальгетик себеп болуы мүмкін деп отыр. Әйел жүкті болған кезде арқасы ауырып, дәрігерлер жазып берген "трамадол" дәрісін ішкен.

Әйелдің айтуынша, дәріден кейін қызын емізбеймін деп шешкен. Алайда дәрігерлер мұның еш қаупі жоқ екенін айтқан. Іс материалдарымен танысқан педиатр бұл жаңа препарат екенін айтады. Ананың сүті арқылы нәрестеге қауіп төндіруі әбден мүмкін.

Сот-медициналық сарапшылар болса, сәби өте тез шетінеп кеткенін айтады. Сондықтан бұл болжам бастылардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет