Нәрестенің миында тіс өсіп шыққан

0
2 286

Тістің дамуына мидағы ісік себепші болуы мүмкін.


Нәрестенің миында тіс өсіп шыққан

ERNUR.KZ. Ота жасау кезінде дәрігерлер нәрестенің миынан толыққанды жетілген тістерді тапты. Бұл АҚШ-тағы Мэрилендте болған оқиға, деп жазады elitar.kz.

4 ай шамасындағы сәбиге сирек кездесетін диагноз қойылды. Ол краниофарингиома деп аталатын мидың қатерсіз ісігі.

Ісікті жою үшін дәрігерлер операция жасауға шешім қабылдады. Операция кезінде баланың миынан толық қалыптасқан тістер табылды.

Дәрігерлер атап өткендей, бұл тарихтағы алғашқы оқиға. Сондай-ақ, олар тістің дамуына ісік себепші болуы мүмкін дейді.

Алайда, Мэриленд университетіндегі медициналық орталықтың нейрохирургі Нарлина Бити мұндай патологияда әсіресе осындай бөбек кезде тістердің қалыптасуы мүмкін емес деп санайды.

Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы тұрақты, оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді. Нәрестенің миынан алынған тістер терең зерттеу үшін мамандарға жіберілген.