NASA марсоходы қонғаннан кейін «қызыл ғаламшардың» алғашқы суреттерін жіберді

0
2 777

Марсоход 6 ай бұрын ұшырылған еді.


NASA марсоходы қонғаннан кейін «қызыл ғаламшардың» алғашқы суреттерін жіберді

ERNUR.KZ. Perseverance деп аталатын NASA марсоходы Жерден 292,5 миллион миль қашықтыққа ұшқан сапарынан кейін Марсқа қауіпсіз қонды. АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Марсоходтың сәтті қонғанын растады, деп жазады ҚазАқпарат.

Марсоход жерге қонғаннан кейін бірден қону алаңының алғашқы суреттерін жіберді, онда марсоходтың көлеңкесі оның қону алаңының бетінде, Йезеро кратері аумағында көрінеді.

Марсоход 6 ай бұрын ұшырылған. Perseverance және оның командасы пандемия кезінде сапардың соңғы кезеңдеріне жасалған дайындықтың қиындықтарын жеңе отырып, аппараттың атауын ақтады.


«Бұл қону NASA, АҚШ және бүкіл әлемдегі ғарышты зерттеу үшін маңызды сәттердің бірі болып табылады», - деп мәлімдеді NASA директорының міндетін атқарушы Стив Юрчик.