NBA плей-офф матчы кезінде оқ атылып, бір жанкүйер қаза тапты

0
1 206

New York Post газетінің хабарлауынша, оқтың дауысын естіген жанкүйерлер тым-тырақай жан-жаққа қашып, үлкен дүрбелең туғызды.


NBA плей-офф матчы кезінде оқ атылып, бір жанкүйер қаза тапты

ERNUR.KZ. "Милуоки Бакс" пен "Бостон Селтикс" арасындағы ойын аяқтала салысымен, белгісіз біреу "Файсерв-Форум" стадионының жанында қарудан жан-жағына оқ жаудырды, деп жазады Zakon.kz.

New York Post газетінің хабарлауынша, оқтың дауысын естіген жанкүйерлер тым-тырақай жан-жаққа қашып, үлкен дүрбелең туғызды.

Атыс салдарынан бір адам қаза тауып, бір әйел мен ер адам зардап шекті. Оқ жаудырушы ұсталды.

Матч кезінде стадионда 11 мыңға жуық адам болған.