​Немересіне дәмді ас әзірлемек болған әжей күтпеген олжаға кенелді

0
1 409

Лотереяда басты сыйақыны жеңіп алу бағы миллион адамның біреуіне ғана бұйырады екен.


​Немересіне дәмді ас әзірлемек болған әжей күтпеген олжаға кенелді

ERNUR.KZ. АҚШ тұрғыны отбасына дастархан жаюға дайындалып жүріп, лотереядан қомақты қаражат ұтқан, деп жазады sputniknews.kz.

Қаңтар айының басында Вирджиния штатындағы Вирджиния-Бич қаласының тұрғыны Линда Барнс немересінің құрметіне кешкі ас ұйымдастырып, мексикалық ұлттық тағам – тако әзірлеп бермек болады.
Сөйтіп, күннің суығы мен толассыз жауған жаңбырға қарамай, азық-түлік алуға барған әжей дүкеннен лотерея билетін де сатып алады. Үйге келіп, билетті тексерсе, ұтыс сомасы 150 мың доллар болып шыққан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, лотереяда басты сыйақыны жеңіп алу бағы миллион адамның біреуіне ғана бұйырады екен.