Немересіне қоғамдық көлікті басқаруға рұқсат берген атай ұсталды

0
726

Шын көңілімен немересінің көңілін ауламақ болған қария қоғамдық қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталуда.


ERNUR.KZ. Қытайдың Хубэй провинциясынан шыққан автобус жүргізушісі немересінің көңілін көтергісі келгені үшін қамауға алынды. Белгілі болғандай ол рөлге өзі отырып, алдына немересін отырғызып алыпты, деп жазады kaz.nur.kz.

Ер адам немересін алдына отырғызып, ұзақ уақыт бойы транспортты басқаруға рұқсат беріпті.

Дегенмен, бұл жағдай жұмыс уақытынан тыс кезде болған. Белгілі болғандай, автобустың ішінде жүргізушінің туысқандарынан басқа бөтен жолаушылар болмаған.

Дегенмен полиция қызметкерлері қарияның ақталып жатқанына қарамастан оны қамауға алған. Шын көңілімен немересінің көңілін ауламақ болған қария қоғамдық қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталуда.

Ол ойланбай істеген әрекеті үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Атасы мен немересі түсіп қалған бейнеролик Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды.

Атай болған жағдайдан сабақ алып, болашақта мұндай іс-әрекетке бармас бұрын мұқият ойланады деп үміттену ғана қалды.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында кішкентай балалар су қоймасының жағалауында тұрған көлікке мініп, білместен тежегішті босатып жіберген болатын.

Сол сәтте көлік орнынан қозғалып кеткен. Салдарынан үш жасар бала көз жұмды.