Netflix "Кальмар ойынының" екінші маусымы түсірілетінін хабарлады

0
385

Бірінші маусымның басты кейіпкерлері экранға қайта оралады.


Netflix

ERNUR.KZ. Режиссер Хван Дон-хёк танымал оңтүстіккореялық "Кальмар ойыны" (Squid Game) сериалының екінші маусымының сценарийімен жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы америкалық Netflix ("Нетфликс") стримингтік сервисінің сайтында жарияланған режиссердің хатында айтылған.

Оның айтуынша, бірінші маусымның басты кейіпкерлері экранға қайта оралады. Көрермендер бірқатар жаңа кейіпкермен танысады.
"Кальмар ойыны" Netflix-тің ең табысты шоуы деп танылды. 2021 жылдың 17 қыркүйегінде сериал шыққаннан кейін алғашқы төрт аптада көрермендер оны көруге 1,65 миллиард сағаттан астам уақытын арнады. Фильмде адамдар көп ақша үшін өз өмірін қатерге тігетін құпия ойын туралы айтылады.