Нигерияның солтүстігінде жұлын менингитінен 22 адам қайтыс болды

0
752

Йобедегі қадағалау және қоғамдық ақпарат жөніндегі қызметкері Харуна Умардың дүйсенбі күні таңертең тілшілерге айтуынша, індет штаттың алты ауданында тіркелген, барлығы 636 жағдай расталды.


Нигерияның солтүстігінде жұлын менингитінен 22 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Нигерияның солтүстігіндегі Йобе штатында жұлын-ми менингитінің өршуі 2023 жылдың желтоқсан айынан бері кем дегенде 22 адамның өмірін қиды, деп жазады inform.kz.

Йобедегі қадағалау және қоғамдық ақпарат жөніндегі қызметкері Харуна Умардың дүйсенбі күні таңертең тілшілерге айтуынша, індет штаттың алты ауданында тіркелген, барлығы 636 жағдай расталды.

Шенеуніктің хабарлауынша, соңғы індеттің алғашқы жағдайы 2023 жылдың 24 желтоқсанында тіркеліп, 26 қаңтарда расталған.

Оның айтуынша, кем дегенде 564 науқас толық жазылып, ауруханалардан шықты, қалғандары штаттағы оқшаулау орталықтарында бақылауда және ем алып жатыр.