Нобель сыйлығын табыстау рәсімінің форматы өзгереді

0
727

2020 жылғы Нобель лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады деп жоспарланып отыр.


Нобель сыйлығын табыстау рәсімінің форматы өзгереді

ERNUR.KZ. Нобель қоры желтоқсан айында өтуі тиіс Нобель сыйлығын табыстау салтанаты коронавируспен күреске бағытталған шектеу шараларына байланысты жаңа форматта өтетінін жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.


«Биыл Нобель апталығы көп адам бір жерге жиналып, басқа елдерден лауреаттар Швеция мен Норвегияға келе ала ма деген мәселелерге қатысты жаңа форматтарды пайдаланатын болады», - делінген қордың баспасөз хабарламасында.


Сонымен қатар, қор табыстау салтанатының жаңа форматын қолдана отырып, Нобель сыйлығының осы бір рәсіміне, тіпті лауреаттардың ешқайсысы жеке өзі қатыса алмаса да шараны өткіземіз деп үміттенетінін хабарлайды.


«Біз 10 желтоқсанда Осло мен Стокгольмде Нобель сыйлығын тапсыру салтанатын әлеуметтік қашықтықты сақтаумен байланысты шектеулерді ескеретін жаңа форматты пайдалана отырып өткізе аламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар кейбір лауреаттар шараға қатыса алмауы мүмкін, тіпті ешқайсысы рәсімге қатыспауы да ықтимал», - деп атап өтті Нобель қоры.


2020 жылы Стокгольм ратушасындағы дәстүрлі банкет болмайтыны бөлек айтылған.

2020 жылғы Нобель лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады деп жоспарланып отыр.