​Нөсер жауыннан 20-дан астам адам қайтыс болды

0
2 132

Гималайдан бастау алып елдің көп өңірін басып өтетін Брахамапутра өзені тасып, 1,5 мыңнан астам мекенді су басқан. Көптеген егістік алқабы бүлініп жарамсыз болып қалды.


​Нөсер жауыннан 20-дан астам адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Үндістанда маусымдық жауыннан 20-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Үндістанның солтүстік-шығысында маусымдық жауынның салдарынан 20-дан астам адам қаза тауып, 800 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді Табиғат апатынан ең көп зардап шеккен Ассам, Манипур және Трипура штаты.

Гималайдан бастау алып елдің көп өңірін басып өтетін Брахамапутра өзені тасып, 1,5 мыңнан астам мекенді су басқан. Көптеген егістік алқабы бүлініп жарамсыз болып қалды.

Қазір табиғат апаты жайлаған аймақтарда ондаған құтқару тобы жұмыс істеп жатыр. Жапа шеккендерге көмек көрсететін уақытша орындар ашылған. Айта кетейік, Үндістанда маусымдық жауын мезгілі осы айдан басталып қыркүйекке дейін созылады.