Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі Жеңіс шеруіне келді

0
1 342

Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған әскери шеруге өтті.


Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі Жеңіс шеруіне келді

Архив сурет ©РИА Новости

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өтіп жатқан Жеңіс шеруіне келді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеудегі Қызыл алаңда өтіп жатқан Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған әскери шеруге қатысты", - деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Мәскеуде бас мінбеге Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті, жоғарғы бас қолбасшы Владимир Путинмен және Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен бірге шықты.