ОАР-да әйел бірден он бала дүниеге әкеліп, рекорд орнатты

0
524

Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер алдағы айларды инкубаторда өткізеді.


ОАР-да әйел бірден он бала дүниеге әкеліп, рекорд орнатты

ERNUR.KZ. Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясының тұрғыны 37 жастағы Госиаме Тамара Ситол бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд жаңартты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жүктіліктің ерте кезеңінде дәрігерлер УДЗ-де алты баланы көрген. Біраз уақыттан кейін келесі ультрадыбыстық зерттеуден соң олар құрсақта сегіз нәресте бар екенін хабарлайды. Алайда 7 ай 7 күнде Тамара Ситол он баланы дүниеге әкелді - жеті ұл және үш қыз. Мұндайға акушерлер де, ата-ананың өзі де таңғалған.



Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер алдағы айларды инкубаторда өткізеді.

Ерлі-зайыптының алты жасар егізі бар екені де хабарланды.

Бір уақытта дүниеге келген балалар саны бойынша алдыңғы рекорд Мали тұрғынына тиесілі еді. Ол бірден 9 бала босанған.