Оқушы қыздың бетінен сүйген мұғалім 17,5 жылға сотталды

0
1 059

Мұғалімнің туыстары бұл айып негізсіз екенін, ол шахмат бойынша жарыстан жеңген оқушысына қуанып, шын пейілімен бетінен сүйгенін айтады.


Оқушы қыздың бетінен сүйген мұғалім 17,5 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Тәжікстанның Хатлон облысының Яван аудандық соты "Нурбахш" лицейінің 58 жастағы мұғалімі Мирзохон Алиевті 17,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ktk.kz.

Сот оны 12 жастағы оқушы қызға жыныстық зорлық көрсеткен деп тапты. Алиевтің туыстары бұл айып негізсіз екенін, ол шахмат бойынша жарыстан жеңген оқушысына қуанып, шын пейілімен бетінен сүйгені үшін жазаға тартылып жатқанын айтады.

14 қазанда өткен сотта бұл істе жәбірленуші қатарында жасы кәмелетке толмаған қыз болғандықтан, сот материалдары жарияланбайтыны айтылды. Сотталған мұғалімнің балаларының айтуынша, әкесі тергеу кезінде азапталып, өзіне таққан айыпты мойындауға мәжбүр болған.