"Олардың ерсі әрекеттерінен шаршадым": Ресейде сыныптастарына оқ атқан оқушы қыздың соңғы жазбасы жарияланды

0
391

Соңғы жазба 6 желтоқсанда жарияланған.


ERNUR.KZ. Ресейдің Брянск мектебінде сыныптасын өлтіріп, бес адамды жаралап, өзіне қол салған 8-сынып оқушысы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қылмысқа дайындалып жүргенін баяндаған, деп жазады stan.kz.

Ақпаратты Baza арнасы растап, қыздың телеграм арна жүргізгенін көрсетті. Бірақ онда бір ғана жазба болған. Ол 2 тамыздан бастап желтоқсан айына дейін жазбаны үнемі жаңартып отырған. Бұл күнделіктің шынайылығы ресми түрде расталған жоқ.

Жарияланған скриншоттарға қарағанда, қызды сыныптастары ренжіткен. Дегенмен мектеп мұғалімдері мен оқушылар қызбен арада ешқандай жанжал болмағанын айтты.

Алайда мектеп оқушысы күнделігіне сыныптастарының қинағанын, мектепті жек көретінін жазған. Ешқандай лаңкес емес екенін жеткізген ол, "бір-екі зұлым адамдардан" кек алғысы келетінін және өзін-өзі өлтіруді ойлап жүргенін жазған.

Мектеп оқушысы өзінің егіз-әпкесі достарымен бірге мазақ ететінін, балағаттайтынын айтқан. Сондай-ақ оқу жылының басында сыныптасы бүкіл сыныптың көзінше оған ескірген оқулықтарды арнайы беріп, мазақ еткен.

Қыз 1 қыркүйекте мектепке мылтық алып барып, жауларына қарсы қолданбақ болған. Алайда сол күні суық қаруды сейфтен таппаған көрінеді.

Сондай-ақ ол интернеттен үнемі жарылғыш заттарды жасау және тапаншамен жұмыс істеу туралы ақпарат көретінін жазған.

"Күнде қорлық. Тіпті үйде оңбаған әкем мен әпкем де тыныштық бермейді. "Жануарлар" менің психикамды барынша азаптап жатыр. Мен атыс ұйымдастырудан, өз өзіме қол салудан қорқамын. Олардың ерсі әрекеттерінен шаршадым, есейгенше күтудің мәнісі жоқ. Мені бәрі жек көреді. Бірақ енді жақсы көретін болады", - деп жазған оқушы соңғы жазбасында.

Соңғы жазба 6 желтоқсанда жарияланған.